433,39 493.30 5,91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Үкімет басшысы: Коронавирусқа қарсы ревакцинация жасатамын

  • 94
  • UPD: 23:23, 15.11.2021

Премьер-министр Асқар Мамин бұл туралы журналистерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен кездескен Асқар Мамин екпені келесі аптадан қалдырмай алуға уәде берді. Кездесуде елдегі эпидемиологиялық жағдай, энергетика тапшылығы, ауыр шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайту секілді күн тәртібіндегі өткір мәселелер де қозғалды. Жыл басынан бері ел экономикасында 3 жарым процент тұрақты өсім бар. Өңдеуші өнеркәсіп, құрылыс, қызмет көрсету салалары экономиканың негізгі қозғаушы күші болып отыр.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:

– Шетелдік инвестициясының көлемі алты ай бойынша 30,4% өсіп отыр. Ол жақсы көрсеткіш. Сонымен қатар тауар айналымының көлемі әсіресе экспорт 20 процентке өсті.

Қазір елде эпидемиологиядық жағдай жақсарып келеді. Халықтың 75 процент екпенің бірінші компанентін алып үлгерді. Вакцинаның тізімі де кеңейді.

Ерлан Бекхожин, «Хабар» агенттігі АҚ басқарма төрағасы:

– Иә, Асқар Ұзақбайұлы сіздің премьер-министрлікке тағайындалуыңыз қиын кезеңмен тұспа-тұс келді. Түсінемен, сізге артылар жүк ауыр. Соған қарамастан уақыт тауып бізбен кездесу ұйымдастырғаныңызға рақмет. Менің сұрағым: пандемия кезінде денсаулық сақтау саласы мен білім беру саласы ақсады. Осыны түзету үшін Үкімет қандай шара қабылдайды және сіз ревакцинацияға қатысасыз ба?

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:

– Біз үшін бұл екі саланы дамыту өте өзекті. Қазір бізде 400 мың бала бірінші сыныпқа барса, 100 мың оқушы мектепті аяқтады. Демографиялық әлеуетіміз соңғы 10 жылда екі есе өсті. Сондықтан, алдағы 5 жылда 5 мың мектеп салуымыз керек. Пандемия кезінде 17 аурухана салынды. Біз тағы 20 заманауи орталығын салуды көздеп отырмыз. Ревакцинацияға міндетті түрде қатысамын. Бірінші рет жазда Sputnik V қабылдадым. Қазір қайсысын салдыртатыным туралы нақты шешім қабылдамадым.

Қазақстандықтардың жартысына жуығы ауыл аймақтарда тұрады. Ауылдықтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін «Ауыл – ел бесігі» жобасы қолға алынған болатын. Осының аясында 6 мыңнан аса ауылдың 3 жарым мыңы даму әлеуеті жоғары деп танылды. Үкімет қазір аталған елді-мекендерді жаңғырту ісіне кірісіп кетті.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:

– 2019-2021 жылдарда барлық бағдарлама бойынша 1,2 трлн теңге осы бағытқа бөлінген. Соның ішінде инфрақұрылым әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер, ауруханалар осы бағытта біз қаржыны жібердік. Осы 5-6 жылдың ішінде 3 жарым мың ауылды жаңғыртудан өткіземіз деп ойламын.

Ауыл-аймақты дамытумен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру де күн тәртібінде тұр. Премьер-министрі отандық өнімдердің экспортын ұлғайту туралы да айтты. Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша өңделген өнімдерінің экспорты 25,5 процентке өсті. Бірақ Үкімет мұны еселей түсуді көздеп отыр.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:

– 2025 жылға қарай экспорт көлемін екі есеге, яғни 3 миллиард доллардан 6 миллиард долларға дейін арттыру міндеті тұр. Бұл - үлкен міндет. Сондықтан біз қарқынды жұмыс істеп жатырмыз. Біз үшін ауа-райы өте маңызды. Мысалы, биыл былтырғымен салыстырғанда астық аз шықты. Соған қарамастан біз өзімізді қамтамасыз еттік, тиісті экспорттық әлеуетті де сақтап отырмыз.

Қазақстанда электр қуатымен қамтамасыз етуде ешқандай мәселе туындамайды. Асқар Мамин осылай уәде берді. Соңғы жылдары электр энергиясын тұтыну өндіру көлемінен асып, проблема жиі туындайтын болып жүр. Биыл бұл бірден 8 процентке өсті. Сондықтан Үкімет бізге энергетика саласын одан әрі дамытып, 2030 жылға дейін кем дегенде 15 мың мегабатт жаңа қуат көзіне қол жеткізуді жоспарлап отыр.

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Шынар Асанқызы

 

Хабар 24 телеарнасы