АҚШ пен Қытай келісімге келе ме?

АҚШ пен Қытай келісімге келе ме? Әлде жаңа соғыс болуы мүмкін бе? Ресей мен батыстың қарым-қатынасы қандай бағытта? Жаңа санкциялар бола ма? Сан сұраққа Астана клуб отырысында сарапшылар жауап іздеп көрді.

Қазақстан үшін бұл тақырып өзекті, себебі экспорттың 40 проценті еуропа нарығына жіберіледі. Бельгияның бұрынғы премьер-министрі Ив Летермнің пікірінше қазір серіктестікті нығайту қажет. Қазақстанда Еуроодақпен сенімді ынтымақтастық қалыптасқан. Отырыста энергетикадан басқа қандай салаларда тығыз байланыс орнатуға болатыны да талқыланды.

Ержан Салтыбаев, Әлемдік экономика мен саясат институтының директоры:

– Қазақстанның жасыл энергетика саласында, әсіресе, сутегі өндірісі бойынша ауқымды жоспарлары бар. Бұл – экономиканың жаңа перспективалық бөлшегі. Бұл туралы Президент те жақында Түрік кеңесінде айтты. Қазақстан дәл осы сутегі өндірісі бойынша алға шығуы мүмкін, бұл – болашағы бар сала.