Елбасы Түркияның бұрынғы Президенті Абдулла Гюльмен кездесті

Елбасы Түркия Республикасының бұрынғы Президенті Абдулла Гюльмен кездесті.

Кездесуде Елбасы А.Гюльге «Астана клубының» жұмысына белсене қатысқаны үшін ризашылығын білдірді. 

– Сіз отырыста жақсы сөйледіңіз. Мен сіздің идеяларыңызды қолдаймын. Кезінде біз екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, экономикалық интеграцияны дамыту жолында көп жұмыс атқардық. Бұл іс қазір де жалғасып жатыр, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті. 

А.Гюль «Астана клубы» отырысының аясында жаһандық күн тәртібі мәселелерін талқылаудың өзектілігіне тоқталып, Нұрсұлтан Назарбаевтың «Үлкен Еуразия» құрлығында ынтымақтастық пен қауіпсіздікті нығайту ісіндегі маңызды рөлін атап өтті.