Н.Назарбаев Словенияның бұрынғы Президенті, Мадрид клубының президенті Д.Тюркті қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Словенияның бұрынғы Президенті, Мадрид клубының президенті Данило Тюркті қабылдады.

Елбасы Д.Тюркке «Астана клубы» алаңында өзекті тақырыптарды талқылауға атсалысқаны үшін ризашылығын білдірді. 

Кездесуде тараптар Еуразия құрлығындағы интеграциялық процестерге қатысты пікір алысты. Бұл орайда 2010 жылы Қазақстан астанасында өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының тарихи саммитінің маңыздылығы атап өтілді.