Astana Hub технопаркі IT мамандықты игеруге ниеттілерге 600 мың теңге грант береді

Астана хаб технопаркі Ай-ти мамандығын игеруге ниетті жастарға 600 мың теңге көлемінде грант береді.

Жақында 100 студент осы бағдарлама арқылы айти біліктілігін арттырды. 2025 жылға дейін барлығы 20 мың адам осы мүмкіндікті пайдалана алады. 3 жыл бұрын ашылған технопарктегі компаниялардың жалпы табысы 166 миллиард теңгеден асып кетті. 2025 жылдан бастап бұл хаб жыл сайын сомасы 500 миллион долларға тең өнім әзірлеу керек. Салаға 50 миллиард теңге инвестиция тарту көзделген.

Мағжан Мәдиев, Халықаралық ASTANA HUB IT-Стартаптар технопаркінің бас директоры:

- Біз 100 мың білікті айти маманын даярлауды жоспарлап отырмыз. Салада алғашқы қадамдарын жасап жатқан жастарды оқытамыз. Оларды мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етеміз. Кейін біліктілігін шыңдап, өз өнімдерін әзірлеген отандық айти компанияларға халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндік береміз.

Сондай-ақ...