ҚР Тұңғыш Президенті «Біртұтас Грузия – демократиялық қозғалыс» партиясының төрағасы Н.Бурджанадземен кездесті

Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Біртұтас Грузия – демократиялық қозғалыс» партиясының төрағасы Нино Бурджанадземен кездесті.

Кездесуде тараптар «Астана клубының» бүгінгі отырысында айтылған идеялар мен ұсыныстарға қатысты өзара пікір алысты. 

Сондай-ақ Елбасы мен Н.Бурджанадзе өңірлік күн тәртібін және халықаралық қауіпсіздікті нығайтудың алдағы перспективаларын жан-жақты талқылады.