Атом станциясының құрылысына қатысты нақты шешім қабылдауымыз керек – Қ.Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыдағы қаржы секторының өкілдерімен кездесу кезінде атом энергетикасын дамытудың өзектілігіне, соның ішінде атом электр станциясын салу мәселесіне де тоқталды.

Президент электр энергиясы тапшылығының алғашқы белгілері қазір де байқалатынын алға тартты.

– Түптеп келгенде, біз бұл мәселеге қатысты нақты шешімге келеміз деп ойлаймын. Қазақстанда электр энергиясының тапшылығының алғашқы белгілері қазірдің өзінде байқалады. Әрине, электр қуатының жаппай жетіспеушілігі туындаған жоқ. Әзірге тепе-теңдік бар. Алайда алғашқы белгілері білінуде. Сондықтан болашақты ойласақ, біз атом станциясының құрылысына қатысты нақты шешім қабылдауымыз керек. Басшының міндеті де тиімді шешім қабылдау, – деді Президент.