Қазақ және өзбек сарбаздары Ауғанстан шекарасы маңында оқу-жаттығу басталды

Өзбекстанда қазақ пен өзбек сарбаздары Ауғанстан шекарасы маңында бірлескен оқу-жаттығу жиындарын бастады.

«Қамқорлық-2021» деп аталған іс-шара барысында екі елдің жауынгерлері «Термез» өңірлік полигонында білігін шыңдамақ. Бұл оқу-жаттығу жиынына Қазақстаннан 100-ден астам әскери қызметші қатысады. Қазақстандық бөлімшелер іздестіру-барлау іс-қимылдарын жүргізу, қарсылас шабуылының алдын алу, заңсыз қаруланған құралымдарға тойтарыс беру сынды тапсырмаларды орындайды. Жалпы «Қамқорлық-2021» бірлескен оқу-жаттығуы қарашаның 24-іне дейін жалғасады.