Орталық Азия елдерінде өңірдегі көшбасшылық үшін күрес жоқ – Ташкенттегі конференция қатысушылары

Орталық Азия елдерінде өңірдегі көшбасшылық үшін күрес жоқ.

Бұл жөнінде саяси сарапшылар Ташкентте өткен «Қазақстан мен Өзбекстан: Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және жас мемлекеттердің қалыптасуы» атты халықаралық конференция барысында айтты. Жиын барысында бауырлас екі ел арасындағы достық қарым-қатынас талқыланды.

Айта кету керек, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы дипломатиялық әріптестік 1992 жылы орнады. Ал 1998 жылы мәңгілік достық туралы шарт бекітілген. Бүгінде көрші елмен алыс-беріс артып, сауда айналымы соңғы 5 жыл ішінде 2,5 есе өсті.

Закир Усманов, саяси сарапшы:

- Қазақстан кезінде өз экономикасында индустриалды-аграрлы бағытқа басымдық берді. Осының арқасында оң динамикаға ие болды. Қазір біз Өзбекстанның да осы бағытта жақсы жұмыс істеп келе жатқандығын байқап отырмыз. Яғни біздің бауырлас көрші елден үйренеріміз мол деген сөз.