Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясына неше жыл төраға болды?

Ал Nur Otan партиясы елімізде 1999 жылы пайда болғанын айтып кету керек.

Саяси партияның негізін қалаған - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Ол партияға 22 жыл бойы төрағалық етті. Қазіргі таңда саяси бірлестікке 835 мыңнан астам адам мүше. Парламент Мәжілісінде 76 мандаты бар. Партия төрағасының өкілеттігіне Парламент Мәжілісіндегі депутаттық фракция жұмысын үйлестіру, партия органдары мен депутаттық фракция шешімдерін тоқтату, депутаттық фракция арқылы Парламент Мәжілісінде Үкімет пен оның мүшелеріне сенбеу вотумын білдіру қызметтері кіреді.