430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Nur Otan» билік сабақтастығын сақтайды – Айдос Сарым

  • 64
  • UPD: 20:04, 23.11.2021

«Nur Otan» партиясына жаңа төрағаның келуі саяси бірлестік жұмысына тың жауапкершілік әкеледі.

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым айтты.

Саясаттанушының айтуынша, қоғамның да, элитаның да мемлекет басшысының айналасына топтасуы ұлттық ауызбіршілік саясатын жалғастырар нық қадам.

Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Менің ойымша, осыдан екі жыл бұрын басталған саяси транзиттің қисынды жалғасы сияқты болып көрінеді. Осы кезге дейін талай алып-қашпа әңгімелер болды. Жалпы біздің қоғам ішінде билік ішінде бірлік жоқ, қос билік бар, кітапхана мен Ақорда арасында қақтығыстар бар деген сияқты жалған фейк ақпарат тарату, ақпараттық индустрияның бір бөлігіне айналып кеткен жағдай болды.

Хабар 24 телеарнасы