Ерлан Қошанов: Мемлекет басшысы Амандық Баталовтың қызметін жоғары бағалады

Амандық Ғаббасұлы Баталов Алматы облысы әкімі қызметінен босадыдеп хабарлайды «Хабар 24». 

ҚР Президенті жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды. Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар, бұл кандидатураны бірауыздан қолдады. ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов Жетісу жерін жеті жыл басқарған Амандық Ғаббасұлы Баталовқа ұзақ жылдар бойы атқарған қажырлы еңбегі үшін алғыс айтып, жаңа әкімнің қызметіне табыс тіледі.

Ерлан Қошанов, ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы:

– Амандық Ғаббасұлы бұл өңірді 7 жылдан астам уақыт басқарды. Осы аралықта облыс жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Амандық Баталов алға қойылған барлық міндеттерді абыроймен атқарып шықты деп айтамыз. Көптеген ірі жобалар іске асты. Елдің әл-ауқаты жақсарды. Өңірдің дамуына үлкен серпіліс әкелді. Оны өздеріңіз де білесіздер.  Мемлекет басшысы Амандық Ғаббасұлының қызметін өте жоғары бағалап отыр. Алғыс білдіруді маған тапсырған болатын. Алдағы уақытта да Амандық Баталовтың бай тәжірибесін пайдаланатын болады.