Еліміз қырғыз және тәжік елдеріне әскери жабдық береді

Еліміз Қырғызстан мен Тәжікстанға әскери техника мен өзге де жабдық береді.

Әуелі Қырғыз тарапына жасалатын көмекті айтсақ. Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметі арасындағы мұндай келісім, биылғы 2 наурызда Президент Садыр Жапаровтың елімізге сапары кезінде жасалған. Сенат бүгін сол келісімді ратификациялау туралы заңды қабылдады. Сонымен біздің ел оқдәрі мен арнайы жабдықты бір рет беруді көздеп отыр. Мұны Қорғаныс министрінің орынбасары Руслан Шпекбаев айтты. Қазақстан әскери мүлікті Қырғыздың Қой-Таш елді мекеніне дейін көлікпен жеткізіп береді. Жолға кететін шығынды да біздің тарап көтереді. Ал қырғыздар Қазақстаннан алған әскери мүлікті үшінші тарапқа бермейді.

Айгүл Қапбарова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты

Руслан Шпекбаев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары

Тәжікстанға оқдәрі мен әскери техника жіберіледі. Қазақстан әскери жабдықты Жамбыл облысының Отар станциясынан Тәжікстан астанасы Душанбеге дейін пойызбен жеткізіп береді. Тәжіктер де әскери мүлікті үшінші тарапқа бермеуі тиіс.

Қорғаныс министрі орынбасарының мәліметінше, екі елге жасалатын мұндай көмек әскеріміздің әлеуеті мен жауынгерлердің әзірлігін әлсіретпейді. Әскери техника тәжік-ауған шекарасының маңындағы аудандарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылмақ. Сенат тиісті заңдарды қабылдады.