Асқар Мамин Өзбекстан премьер-министрімен келіссөз жүргізді

Қос тарап жалпы сомасы 611 млрд доллардан асатын 54 инвестициялық жобаны жүзеге асырады. Мұндай келісім Түркістанда өткен 3-өңіраралық ынтымақтастық форумында жүзеге асты.

Жиынға екі елдің Үкімет басшылары, аймақ әкімдері мен іскер топ өкілдері қатысты. Биыл тоғыз айда арадағы тауар айналымы 3 млрд долларға жуықтаған. Келер жылы оны 5 млрд долларға, ал алдағы бес жыл ішінде 10 млрд долларға жеткізу көзделіп отыр.

Асқар Мамин әсіресе өнеркәсіптік кооперация саласындағы ынтымақтастық серпін ала бастағанын атап өтті. Машина жасау, құрылыс, фармацевтика салаларында ортақ жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Сондай-ақ еліміздің Өзбекстанмен транзиттік-көлік саласындағы бірлескен іс-қимылы қарқынды дамып келеді. Бүгінде теміржол тасымалының көлемі 20,5 млн тоннаға жеткен.