435,10 496,10 5,68
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Асқар Мамин Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты

  • 120
  • UPD: 10:50, 29.11.2021
Асқар Мамин Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты primeminister.kz

Үкімет басшысы Маңғыстау облысындағы жұмыс сапары аясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері бойынша кеңес өткізді және өңдеу өнеркәсібі, денсаулық сақтау, тіршілікті қамтамасыз ету мен туристік инфрақұрылым салаларындағы жобалардың іске асырылуын тексерді, деп хабарлайды «Хабар 24» primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл 4 қарашада Үкімет Қаулысымен Маңғыстау облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары қабылданды. Онда 2,1 трлн теңге сомасына 214 іс-шараны іске асыру көзделген. Мұнай-газ секторын, өңдеу өнеркәсібін, туризмді, көлік пен логистиканы дамыту міндеті қойылды. Әлеуметтік, инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту бойынша жобалар іске асырылатын болады. Қабылданған шаралар есебінен өңір халқының 100% сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Кешенді жоспарды іске асыру 60 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын құруды, өнеркәсіп көлемінің 27%, халықтың нақты табысының 40% және жалпы өңір экономикасының 32% өсуін қамтамасыз етеді.

Кеңес барысында халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылды. 2025 жылға дейін өңірде жалпы қуаты 286 мың текше метр болатын суды тұщыландырудың 9 жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде қуаты тәулігіне 35 мың текше метр болатын үш жоба 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында пайдалануға беріледі.

Үкімет басшысы жылына 120 мың жұп аяқ киім шығаратын «Zhamal-ai Ltd» аяқ киім және арнайы киім шығаратын фабриканың жұмысымен танысты. Ақтау қаласындағы онкологиялық диспансерді аралау кезінде Премьер-Министрге Маңғыстау облысының денсаулық сақтау жүйесінің дамуы туралы баяндалды.

Премьер-Министр жұмыс сапары барысында Ақтау қаласының туристік аймағын дамыту жобаларының іске асырылуын тексерді.

 

Хабар 24 телеарнасы