Асқар Мамин Түркіменстанда өткен экономикалық ынтымақтастық ұйымының XV саммитіне қатысты

Еліміздің Премьер-Министрі Асқар Мамин Ашхабад қаласына жұмыс сапарымен барып,Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Кездесуі барысында екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, транзиттік-көлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазан айындағы Түркіменстанға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аударылды. Карантиндік шараларға және әлемдегі қазіргі жағдайға қарамастан Қазақстанның Түркіменстанмен сауда деңгейі тұрақты өсімді сақтап қалды. 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте тауар айналымы Қазақстан экспортының 78,1 процентке өсуі есебінен 43,6 процентке, яғни 144 млн долларға дейін ұлғайды. Таяу жылдары тауар айналымын 500 млн доллар деңгейінде қамтамасыз ету міндеті қойылды. Сондай-ақ Ашхабад қаласына сапары аясында Асқар Мамин Түркіменстанның бірқатар лауазымды тұлғаларыменде кездесті.