Қазақстан жетістіктерге ішкі және сыртқы саясатты тең ұстаудың арқасында жетті

Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бері 30 жыл ішінде ұлттық экономикасын нығайту мен саяси жүйесін дамытуда, үлкен іс атқарды.

Көптеген сарапшылар мемлекеттің басты жетістігі елдегі татулық пен қоғамдағы этникалық және діни конфессиялық келісім дейді. Ресей сарапшыларының пікірінше, бұл ішкі және сыртқы саясатты теңдей алып шығудың арқасында қол жеткен табыс.

Александр Ивантер, «Эксперт» журналы бас редакторының бірінші орынбасары:

- Бұл әрине Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің арқасында қол жеткен жетістіктер. Ол мемлекеттілік пен экономиканың негізін қалап, сыртқы саясаттың бағытын, көп векторлықты айқындап берді. Бұл қазіргі заманда өте маңызды басты ұстанымдар. Жаңа президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы бағытты жалғастырып, мұрагерліктің оңтайлы жүзеге асқаны да өте маңызды.