ҚР Тұңғыш Президенті дінаралық диалогты барынша қолдаған адам – Ватикан өкілі

Қазақстанның Тұңғыш Президенті дінаралық диалогты барынша қолдаған адам.

Дінбасылардың диалог мазмұнына да араласқан емес. Бұл бізге үлгі етуге боларлық қазақстандық конфессияаралық модель туралы айтуға мүмкіндік береді. Елді Тұңғыш Президент күнімен құттықтап телеаранамызға берген арнайы сұхбатында Рим-католик шіркеуінің кардиналы, Ватиканның құрметті мемлекттік хатшысы Тарчизио Бертоне осылай деді. Ол Рим Папасы Иоанн Павел Екінші Қазақстанға 2001 жылы келген кезде мемлекетімізде басты діндермен қатар түрлі, діни конфессиялар барын айтып, еліміздің рухани байлығын жоғары бағалағанын атап өтті. Және 2010 жылы Қазақстанда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескенін еске алады.

Тарчизио Бертоне, кардинал, Ватиканның құрметті хатшысы:

- Мен үшін бұл өте қадірлі сурет. Себебі 2010 жылы Астанада өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитінде Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде түсірілген. Ол саммитке келген барлық делегация өкілдерімен кездескен еді. Мен Рим папасы Бенедикт Он алтыншының делегациясын бастап бардым. Сол кездегі жылышырайлы қабақты әлі ұмытпаймын. Қазақстанға тағы баратын шығармын деген ойдамын.