Елімізде ұрланған 20 млрд теңге бюджетке қайтарылды  

 

Талан-таражға түскен 20 миллиард теңгеден астам қаржы мемлекет қазынасына қайтарылды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бұл туралы Президентпен кездесуде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов мәлім етті.

Оның айтуынша, биыл сыбайлас жемқорлыққа қатысты бір жарым мыңнан астам қылмыс тіркелген. 1280 азамат жауапқа тартылған. Сонымен қатар Марат Ахметжанов Мемлекет басшысына ауыл шаруашылығын субсидиялауға жасалған кешенді сараптамалардың, көлік саласындағы жағдайлардың тергеп-тексерудің қорытындылары туралы мәлімет берді.

Марат Ахметжанов Мемлекет басшысына ауыл шаруашылығын субсидиялауға жасалған кешенді сараптамалардың, көлік саласындағы жағдайлардың және қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қорытындылары туралы мәлімет берді. Сондай-ақ Президентке 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын әзірлеу туралы тапсырмасының орындалу барысы жөнінде есеп берілді.