Германия кәсіпкерлері Қазақстанмен іскерлік байланыс орнатуға дайын

Қазақстан президентінің халықаралық ынтымақстастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыхан Германия депутаттарымен өткен отырысқа қатысты, деп хабарлайды Хабар 24.

Кездесуде саясаткерлер еліміздегі саяси реформаларды және екіжақты серіктестікті тереңдету мәселелерін талқылады. Ержан Қазыхан неміс бизнесмендерімен әңгімеде экономикалық ынтымақтастық жайын сөз етті.  Германиялық кәсіпкерлер жасыл экономика, лазерлі технология, көлік және логистика салаларында іскерлік орнатуға дайын. Олар өз технологиясымен бөлісіп қана қоймай, Қазақстанда түрлі жобаларды қаржыландыруға да әзір.

Вольфганг Нидермарк, Германия өндірісі федералдық одағы басқармасының мүшесі:

– Пандемияға қарамастан кездесіп, келешек жобаларды талқылағаіскерлікнымызға қуаныштымын. Қазақстан - жаңғыртуға көп мән беріп отырған мемлекет. Неміс бизнесі Қазақстанмен ынтымақтастығын одан әрі дамытуға ниетті. Себебі Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы көпір әрі инфрақұрылымдық жобалардағы маңызды серіктес.