Елбасы Әзербайжанды Еуразиялық одақ құрамына шақырды

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына осы ұйымның құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты.

Елбасы өз сөзінде жақын арада Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл толатынын атап өтіп, мерейлі датаның маңыздылығына назар аударды. Әрі Еуразиялық одақ құру идеясының авторы ретінде интеграциялық бірлестік аясын кеңейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Алдағы уақытта ұйымға бақылаушы ел мәртебесін Әзербайжанға беру мүмкіндігіне тоқталды. Бұған дейін қатарға Өзбекстан да қосылған болатын. Нәтижесінже елдердің байланысы нығайып келеді. «Мұндай ынтымақтастықтың екі жаққа да берері мол», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

– Армения мен Әзербайжан арасындағы байланыстардың қалпына келіп жатқанын ерекше атап өткім келеді. Енді Әзербайжанмен келіссөздерді бастау мүмкіндігі туып отыр. Бұл мемлекет те ұйымға бақылаушы бола алады. Әлемде қалыптасқан жағдайларға байланысты ынтымақтастықты одан әрі арттыра түскеніміз жөн.