456,05 484,00 8,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Батыс Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

  • 156
Батыс Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Меритократия қағидатына сәйкес ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімінің өкімімен Тілепберген Каюпов Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Тілепберген Ерсайұлы 1976 жылы дүниеге келген.

Білімі жоғары. 1997 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы университетін бухгалтер-қаржыгер мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары Казталов аудандық салық комитетінің инспекторы, Казталов аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы, БҚО қаржы басқармасының бөлім басшысы, басшының орынбасары, Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болды.

2019 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Тілепберген Каюпов қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамту мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанның Теректі ауданына жаңа әкім келгенін жазған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы