465,08 484,00 8,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Бизнесмендер Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелерімен кездесті

  • 184
  • UPD: 17:54, 11.12.2021
Бизнесмендер Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелерімен кездесті

Елдегі бизнестің белді өкілдері Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелерімен кездесті.

Басқосуда мемлекеттік және квазисекторға іскерлік бастамалар мен заманауи үрдістерді енгізу мәселесі талқыланды. Экономиканың түрлі саласында табысты еңбек етіп жүрген мамандар өз ой-пайымдарын ортаға салды. Холдинг басшылары мұндай кездесулерді көбірек ұйымдастыруға келісіп, елдегі жаңғыруға жастардың қосар үлесі зор екенін айтты.

Әділет Зәкиев, Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі:

- Президенттік кадрлық резервке өтіп, мемлекеттік қызметкер қатарына қосылған соң біз еліміздің дамуына ерекше көңіл бөлуіміз керек. Бұл ретте әрине бизнес өкілдерімен кездесу өткізіп, олардың ойын тыңдау аса маңызды.

Хабар 24 телеарнасы