Мәулен Әшімбаев Жетісу жұртшылығын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматы облысына барып, жетісулықтарды құттықтады.

Сенат Спикері «Талдықорған» жүзу бассейніне және Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттер үйінде болып, жастардың жағдайын білді. Тәуелсіздік құрдастарымен кездесіп, егемендіктің 30 жылында атқарылған жұмыс өскелең ұрпақты қолдауға бағытталғанын айтты. Мәулен Әшімбаев пен облыс басшысы елеулі еңбегімен ерекшеленген 80 адамға мемлекеттік наградалар тапсырып, зор табыс тіледі. Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев «Парасат» орденінің иегері атанды. Мерекелік жиын қазақ эстрадасы жұлдыздарының концертіне ұласты.

Бағдат Қарасаев, «Парасат» орденінің иегері:

- Бүгін үлкен мереке. Мемлекетіміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Мен шын жүрегіммен осы барлық елімізді, халқымызды, оның ішінде өзіміздің Іле ауданымыздың тұрғындарын шын жүректен құттықтаймын. Осы жылдары еліміз өсіп, мемлекетіміз нығайып, бүгінгі күні мына үлкен дәрежеге жетіп жатырмыз.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:

- Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық саясатының арқасында барлық сала жүйелі түрде дамыды. Тәуелсіздік жылдарында Алматы облысы да өсіп өркендеді. Еліміздегі ірі индустриалды және аграрлы өңірлердің біріне айналды. Алматы облысын өркендету Президентіміздің тікелей бақылауында.