Ауыл шаруашылығы жобаларын іске асыруда бес облыс көш бастап тұр

Биыл агроөнеркәсіп кешеніндегі жол карталары аясында 263 млрд теңге сомасына 285 жобаны іске асыру жоспарланған, деп хабарлайды Хабар 24 Қазақпарат-қа сілтеме жасап.

Бұл туралы Үкімет отырысында  Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлім етті.        «Бекітілген жол карталарына сәйкес 2021 жылға 263 млрд теңге сомасына жоспарланған 285 жобаның ішінен биыл 11 айдың қорытындысы бойынша 241 млрд теңге сомасына 268 жоба пайдалануға берілді. Әкімдіктердің ақпараты бойынша осы жылдың соңына дейін 22 млрд теңге сомасына 17 жобаны іске асыру жоспарланып отыр», – деді Е. Қарашөкеев.

Оның айтуынша, іске асырылған жобалар бойынша көш басында Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстары тұр. Сондай-ақ 2021 жылғы инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша орындалу деңгейі шамамен 94%-ке жетті.

Инвестициялық жобалардың бағыттары бойынша 11 айдың қорытындысына сәйкес өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында бірқатар жобалар іске асты. Енді өңір әкімдіктерінің ақпаратына сай жыл соңына дейін 22 млрд теңге сомасына 17 жобаны іске асыру жоспарланған.