Қазақстан халықаралық даму жолында тәжірибесі мол елге айналды

Қиын-қыстау заманда әлем елдерінің бір-біріне гуманитарлық көмек көрсетіп, қолдау білдіруі аса маңызды. Осы орайда халықаралық даму агенттіктерінің орны айырықша, деп хабарлайды Хабар 24.

Өйткені олардың арасындағы қарым-қатынастың дұрыс жолға қойылуы стратегиялық мүмкіндіктерге жол ашады дейді америкалық сарапшылар. Айтуларынша, Қазақстан бейбітшілікті, аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайтудағы, сонымен қатар халықаралық қатынастарды реттеудегі тәжірибесі мол елге айналды. Мәселен, еліміздегі KazAid халықаралық даму агенттігі өзге елдерге гуманитарлық көмек көрсетумен айналысып келеді.

Шет елдік сарапшылардың айтуынша, Қазақстан сияқты жас мемлекет үшін бұл ауыз толтырып айтарлықтай жетістік.

Изабель Колмен, Usaid өкілі:

– Қазақстан 30 жыл бойы тұрақты дамып, жетіліп келген мемлекет. Бұл елде көптеген сала бойынша өсім байқалуда. Азаматтық қоғам қалыптасып, түрлі институттар бой көтерді. Сонымен қатар KazAid халықаралық даму агенттігі де құрылды. Бұл сіздердің мемлекеттеріңіздің ғана емес, сонымен қатар халқыңыздың ортақ іске қосқан үлесі деп білеміз. Ал бұл үлкен прогресс.