Украина-Қазақстан байланысы беки түспек

Киев қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. 

Украинадағы Қазақстан елшілігінің ұйымдастыруымен өткен конференция офлайн және онлайн форматта ұйымдастырылды. Нұр-Сұлтан қаласынан ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының,  Ұлттық ғылым академиясының мамандары, сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің сарапшылары сөз алды. Украина тарапынан ірі ғылыми және қоғам қайраткерлері, Украина сараптамалық орталықтарының жетекшілері қатысты.

Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми, мәдени байланыстарды арттырудың жолдарымен қоса ғарыш саласын талқылады. 2020 жылы мемлекеттер арасындағы тауар айналым 750 млн долларды құраса, биыл бүл көрсеткіш 1 млрд доллардан асуы мүмкін.

Олег Рафальский, Украина Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, тарих ғылымдарының докторы:

– Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясымен ұзақ әрі тұрақты қарым-қатынасты орнаттық. Мемлекетаралық, үкіметаралық, ведомствоаралық байланыстан бөлек, әріптестікті нығайту туралы келісімге қол қойылды. Біз ғарыш саласындағы мүмкіндігімізді толық пайдалануымыз керек. Алда атқаратын жұмыс өте көп. Украина мен Қазақстанның техникалық және кадрлық әлеуетін орасан.