АҚШ Қазақстанға вакцина өндіру үшін құрал-жабдық беруге дайын

АҚШ қазақстандық вакцинаны өндіруге арналған құрал-жабдық беруге дайын. Бұл туралы Құрама Штаттардың Мемлекет хатшысының көмекшісі Дональд Лу қазақ дипломаттарымен кездесуден кейін өткен брифингте мәлімдеді.

Сондай-ақ оның айтуынша, АҚШ-та өндірілетін «Пфайзер» вакцинасының жаңа партиясын Қазақстанға жеткізу мәселесі талқылануы мүмкін. Бұдан басқа, Лу АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметіне бірнеше үміткердің ұсынылғанын және жақында тағайындау болатынын жеткізді. Дональд Лу Қазақстан мен АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық әріптестік жөніндегі комиссия отырысының аясында Нұр-Сұлтанға жұмыс сапарымен келген болатын.

Дональд Лу, АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі:

– Бүкіл адамзат әлемдегі эпидахуалға алаңдаулы. Әзірге АҚШ-қа осы елде бекітілген  «Пфайзер», «Модерна», «Джонсон энд Джонсон» вакциналарының немесе Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған екпелердің 2 дозасын салдырған адамдар ғана кіре алады. АҚШ Қазақстанды отандық вакцинасын өндіру үшін қажет құрал-жабдықпен қамтамасыз етуге дайын. Сондай-ақ алдағы уақытта «Пфайзер» екпесінің жаңа партиясын жетізу ісі талқыланбақ.

 

 

 

Сондай-ақ...