Бейжіңде Қазақстан жетістігі көрсетілген фотокөрме өтті

Онда мемлекетіміздің қалыптасу мен нығаюы және экономикамыздың қарыштап даму кезеңі суреттелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Игі шараға мемлекеттік орган қызметкерлері мен БАҚ өкілдері, әдебиет қайраткерлер және шетелдік қонақтар қатысты. Келушілер егемен елдің тамыры тереңнен жайған тарихымен танысып қана қоймай, домбыра мен қобыз үнін тыңдап, құлақ құрышын қандырды. Фотокөрмеге Қазақстанның Қытайдағы елшілігі мұрындық болды.

Чжан Хуа, Қытайдың халықаралық алмасу жастар орталығы төрағасының орынбасары:

- 30 жыл тәуелсіздігінде Қазақстан зор жетістіктерге жетті. Бүгінгі көрмеде елдеріңіздің қалыптасуы мен дамуының жарқын көрінісін көрдік. Келер жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын атап өтеміз. Мұндай шаралар екі ел ынтымақтастығын одан әрі нығайта түседі деген сенімдеміз.