Қазақстан мен Еуропалық Энергохартия ынтымақтастығына 30 жыл толды

Қазақстан 1991 жылдың желтоқсан айында Еуропалық Энергохартия келісіміне қосылды. Бұл еліміз егемендік алғалы қол қойған алғашқы халықаралық құжаттың бірі.

30 жыл бұрын бастау алған тараптар арасындағы ынтымақтастық әлі күнге дейін жалғасып келеді. Бүгін осы іргелі ұйымның басшысы қазақ елін ұлық мерекемен құттықтады.  

Урбан Руснак, Еуропалық Энергохартияның бас хатшысы:

– Қазақстан – Энергохартияны құруға ат салысқан құрылтайшылардың бірі. 2017 жылдан бері осы келісімді біртіндеп жаңғыртып келеміз. Бұл үрдіске Қазақстан да белсенді қатысып жатыр. Қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаймын. Бұл өте маңызды күн. Қазақстан халқына баянды бақыт тілеймін.