ЕЭК Коллегиясының төрағасы Тәуелсіздік күнімен құттықтады  

Еуразиялық экономикалық Одақ осы бірлестікті құрудағы Қазақстанның еңбегін жоғары бағалайды. 2021 жылдың алғашқы 9 айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда Одақ аумағындағы өзара сауда көлемі 33 процентке артып, 52 млрд долларға жетті. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комисия коллегиясының төрағасы Михаил Мясникович айтты.

Сондай-ақ ол Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Михаил Мясникович, ЕЭК коллегиясының төрағасы:

– Қазақстанның барша халқын, ел басшылығын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Еуразиялық интеграцияға қосқан үлес пен ұшан-теңіз еңбектеріңіз үшін алғыс айтқым келеді.