Қазақтың көк туы Украинада желбіреп тұр

Украинаның қазақ еліне деген құрметі бөлек. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Киев көшелерін көк туымыз көмкерді, деп хабарлайды Хабар 24.

3 млн тұрғыны бар мегаполистің орталық көшелерінде байрағымыз бейнелеген 80 билборд ілінген. Онда «Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл. Құттықтаймыз» деп,–украин тілінде жазылған. Сондай-ақ ел астанасында салтанатты жиын өтіп, қала мэрі Виталий Кличко Қазақстан халқын құттықтады. Салтанатқа Украинаның іскер топ және мемлекеттік басқару өкілдері, халықаралық ұйым мүшелері, ғылым және шығармашылық саланың қызметкерлері, қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова өнер көрсетіп, әннен шашу шашты.