Қазақстанның Туы Канада жерінде салтанатты түрде көтерілді

30 жылдықты тойлау шеңберінде Канада астанасы Оттава қаласында Қазақстанның көк байрағы желбіреді.

Қала мэриясы мен Қазақстан елшілігінің қолдауымен өткен шарада мемлекеттік әнұран айтылып, туымызды салтанатты көтеру рәсімі ұйымдастырылды. Мұндай құрмет екі ел арасындағы жоғары дипломатиялық қарым-қатынастың дұрыс жолға қойылуының айқын көрінісі. Айтулы мереке қарсаңында әлемнің ең көрікті жерлерінің бірі саналатын Ниагара сарқырамасы да көк тудың түсіне бөленді. Арнайы жарық беру құрылғыларының көмегімен көк және сары түске боялған сарқыраманың ерекше бейнесі туристер мен қала тұрғындарын тәнті етті.