А. Лаврентьев: Сирияның қалпына келуіне шамамен 800 млрд доллар қажет

Алайда бұл сома одан да көп болса, таң қалудың қажет жоқ, деп хабарлайды Хабар 24.

Себебі соңғы уақытта ел аумағындағы қақтығыстар саны күрт өсті. Бұл туралы бүгін елордада өткен Сириядағы әскери қақтығысты реттеу жөніндегі 17 халықаралық кездесуде Ресей президентінің арнайы өкілі Александр Лаврентьев мәлімдеді.

Оның айтуынша, алқалы жиынға қатысқан кепіл мемлекеттер жағдайды реттеуге барынша атсалыспақ. 2 күнге созылатын басқосу қорытындысы бойынша тараптар бірқатар маңызды шешім қабылдап, арнайы декларацияға қол қоймақ.

Александр Лаврентьев, РФ президентінің Сирия жөніндегі арнайы өкілі:

– Сирия мемлекеті айтарлықтай құлдырады. Сарапшылар оның қалпына келуіне қанша қаражат кететініне байланысты түрлі болжам жасап жатыр. Кейбіреуі 600 миллиард доллар жеткілікті десе, басқасы ол сома 800 миллиардқа жетуі мүмкін дейді. Бірақ шын мәнісінде жұмсалатын қаржы көлемі одан да асып кете алады. Сирия үкіметі террористермен 11 жыл қатарынан күресіп келеді. Олардың қаржы ресурсы өте аз деп айтсақ болады. Сондықтан көмектесу керекпіз.