Елбасы сұхбатына негізделген кітап жарық көреді

Жақын күндері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбатына негізделген «Штрихи к портрету» кітабы жарыққа шығады.

Бұл туралы Айдос Үкібай твиттер-парақшасында жазды.

«Жақын күндері Елбасының «Штрихи к портрету» деректі жобасына берген сұхбаты бойынша кітап жарық көреді. Кітапқа жобаның телевизиялық нұсқасында көрсетілмеген материалдар енгізілген. Туынды авторы – журналист Айгүл Әділова» делінген жазбада.