Қазақстан-Ресей әскери ынтымақтастық туралы заң жобасында жаңа келісімдер көзделген

Қазақстан мен Ресей әскерлері өңірге төнетін қауіп-қатерлерге бірге қарсы тұрады.

Алдағы уақытта бірлескен оқу-жаттығулар мен іс-қимылдар өткізіледі. Әскери ынтымақтастық туралы заң жобасын бүгін Мәжіліс мақұлдады. Төменгі палата төрағасы Нұрлан Нығматулин шартты ратификациялау мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және сыртқы қауіп-қатерлерге қарсы тұруда Қазақстан мен Ресейдің әскери ведомстволары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді деді. Тек бірлескен іс-қимыл емес, біздің әскери қызметшілер Ресейдің 20-дан аса жоғары оқу орнында білімін шыңдай алады. Олардың қатарында әскери медицина, ғарыш, артиллерияның жетекші академиялары бар.

Атап өтейік, Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастық туралы шарт 1994 жылы бекіді. Бірақ бүгінде ол құжат ескірген. Ал бүгін мақұлданған заң жобасында жаңа келісімдер көзделген.