Елімізде жануарларды қорғау туралы заң қабылданды

Сенаторлар «Жануарларды қорғау» туралы заңның жобасын мақұлдап, Мемлекет басшысының қол қоюына жіберді, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл заңда жануар иелерінің жауапкершілігін арттыру нормалар қарастырылған. Мәселен, енді 16 жасқа толмағандарға жануарлармен серуендеуге тыйым салынады. Ит-мысықтарды күту, өсіру, ветеринарлық көмек көрсету міндеттері белгіленген. Оларға қатігез танытқандарға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Заңды тұлғалар үшін бұл сома 4 есе артық. Жануарларды қорғау мен қамқор көрсету ісінде әкімдіктердің де рөлі ұлғаяды.

Мұхтар Жұмағазиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Атқарушы органдарға да біраз міндеттер жүктелді. Есебін ұйымдастыру, қаңғыбас иттер есебін, оларды ұстау, панажай салу, жағдай жасау қарастырылып отыр. Бюджеттен қаражат бөлінеді. Ветсанитарлық вакцинация жүргізу сынды жұмыстар.