Қазақстан – біздің ең жақын одақтастарымыздың бірі – Путин

Қазақстан – біздің ең жақын одақтастарымыздың бірі. Арадағы қарым-қатынасымыз түрлі бағыт бойынша дамып келеді.

Бүгін Ресей Президенті Владимир Путин жыл сайынғы баспасөз мәслихатында осылай деп мәлімдеді. Бұдан бөлек Ресей басшысы екі жақты байланыстың құрылымын өзгертіп, жоғары технологиялық  даму бағыты бойынша жұмыс істеу керегін де жеткізді. Бұлар: цифрландыру, генетика, медицина және ғарыш салалары.

Владимир Путин, Ресей Президенті:

- Қазақстан – ең жақын одақтастарымыздың бірі. Қазақстанмен бірегей қарым-қатынас қалыптасты. Олардың негізі Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кезінде қалыптасса, қазір жаңа Президент те байланыстың осы сапасын қамтамасыз етіп отыр. Онымен өте жақын әрі достық қарым-қатынас қалыптасты.

Сондай-ақ...