Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі келіссөздер 27 желтоқсанда жалғасады

Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі келіссөздердің кезекті раунды желтоқсанның 27-сінде Венада өтеді. Бұл туралы Еуроодақ өкілі Энрике Мора хабарлады. Жиынға Иран, Ұлыбритания, Қытай, Франция, Германия, Ресей өкілдері қатысады.

Тараптар АҚШ-тың жан-жақты қамтылған бірлескен іс-қимылдар жоспары мен оның жүзеге асырылуына қатысты мәселелерді талқыламақ.

Естеріңізге сала кетейік, Иранмен арадағы келісімге 2015 жылы қол қойылған. Онда Иран уран өндіруді азайтуға, ал халықаралық қауымдастық Тегеранға салынған санкцияларды жеңілдетуге міндеттенген еді. Бірақ 2018 жылы АҚШ бұл келісімнен шығып кеткен.