Қазақстан үкіметі елде қалған ауған азаматтарына көмектеседі

Ауғанстандағы соңғы оқиғаларға байланысты Қазақстан Үкіметі Қазақстанда қалған Ауғанстан азаматтарының мәселелерін шешуге белсенді қатысуда.

Халықаралық құқық пен ҚР ұлттық заңнамасының қағидаларын ұстана отырып, ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқитын 155 ауған студентіне оқу визаларын берді және ұзартты.

Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мен көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның қатысуымен экономикалық көмекке мұқтаж 204 ауған студенттеріне, оның ішінде осы жылы оқуын бітірген студенттерге гуманитарлық көмек көрсетілді.

Акция Алматы, Шымкент, Қарағанды, Өскемен және Нұр-Сұлтан қалаларында өткізілді.