Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды

Мемлекет басшысы бүгін үш бірдей заңға қол қойды, деп хабарлайды Хабар 24. Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Олар:

– «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттіктердің және жауапкершілік аясының аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді ендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

– «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

– «Өнеркәсіптік саясат туралы»