Нұрсерік Шәріпов ҚР Жоғарғы сотының судьясы қызметіне сайланды

ҚР Парламенті Сенаты ҚР Жоғарғы сот кеңесінің Нұрсерік Шәріповті ҚР Жоғарғы Сотының судьясы қызметіне сайлау туралы ұсынымын мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің Нұрсерік Кәрімұлы Шәріповті Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы қызметіне сайлау туралы ұсынуын қарап, мынаны атап көрсетеді: Қазақстан Республикасы Жоғары сот Кеңесінің Нұрсерік Кәрімұлы Шәріповті Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы қызметіне сайлау туралы ұсынымына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы Сенатқа Қазақстан Республикасы Конституциясы 55-бабының 1) тармақшасына, 82-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 31-бабының 1-тармағына сәйкес енгізілді», – деді сенатор Владимир Волков.

Нұрсерік Кәрімұлы Шәріпов, 1965 жылы туған, жоғары заңгерлік білімі бар. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облыстық сотының төрағасы қызметін атқарып келген.