Қазақстан Президенті Бибісара Асаубаеваны жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан әлем чемпионы атанған Бибісара Асаубаеваны жеңісімен құттықтады.

«Бибісара Асаубаеваны блиц бойынша өткен әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтаймын. Бұл керемет жетістік барша қазақстандық үшін, әсіресе шахмат әуесқойлары үшін Жаңа жыл қарсаңындағы жағымды жаңалық болды. Бибісараның табыстан табысқа жете беруіне тілектестік білдіремін!» – делінген құттықтауда.