Қазақстанда жол белгілері мен жарнама мемлекеттік тілде жазылады

Бұрын қазақша және орысшасын көрсету міндетті еді. Биыл іске асатын заңдардың бірі осы. Мемлекет басшысы көрнекі ақпарат мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерге және бірнеше заңға қол қойды, деп хабарлайды Хабар 24.

Таяуда Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекі ақпарат мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерге қол қойды.

Атап айтқанда, жол белгілеріндегі жазба, хабарландыру, жарнама, сондай-ақ мәзірлер мен нұсқаулар мемлекеттік тілде жазылады. Бұдан өзге, биыл күшіне енетін 20-ға жуық заң қабылданды. Оның бірі – «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заң. Негізгі мақсаты адамдардың құқығы мен бостандығын қорғау үшін сотқа талап арызбен жүгіну құқығына ие болуында.

Алма Мұқанова, ҚР Әділет Министрлігі заңнама департаментінің директоры:

– Бүгінгі күні Омбудсмен жаңа дербес заң туралы айта кетсек. 17 аймақта сол Омбудсменнің өкілдері ашылатын болады және олардың тұрғылықты жұмысы реттелген.

Атап өтсек, ол биылғы жылғы жаңа саты енгізілген норма шығармашылық жұмысқа. Ол халықпен бүкіл инициативаларды, заң жобасы болатын тұжырымдамаға отыратын дегендей олар барлығы бірінші сатыда талқылануы қажет. Тек содан кейін тұжырымдамаға енгізілуі қажет. Содан кейін біз түсіндірме жазба дегенді қарастырған болатынбыз. Ол түсінікті тілде, жалпақ тілде жазылу керек болады. Әзірлеуші органдар ақпараттық жұмысты жүргізу керек болады.

Сондай-ақ кейбір қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Атап айтқанда, сот жүйесі мәселелері, үш буынды модельді енгізу, дауларды соттан тыс және сотқа дейін реттеу институттарын дамыту және кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелерімен қатар екінші деңгейдегі банктердің кепілдік саясатын жетілдіру көзделген.

Алма Мұқанова, ҚР Әділет Министрлігі заңнама департаментінің директоры:

– Бизнеске арналған жаңа зерттеушілік қағидалар орнатылды. Ол «таза беттен» реттеу деген ғой. Қолданыстағы заңдардың барлығы қайта қаралып, орта және кіші бизнесқа қойған талаптар азаюы тиіс болады. Реестр құралғаннан кейін регламентация, керек емес бақылау, қадағалау деген осы реестрдің барлығын түгендеп, бүкіл нормативтік-құқықтық актілерді қайта қарап, осы бақылау нормалары алынып тасталынатын болады.

Айта кетерлігі, «Жануарларға жауапкершілікпен қарау» заң жобасы әзірленді. Онда ветеринариялық қызмет көрсету, мәдени-ойын-сауық мақсаттарында пайдалану, жабайы, қызметтік, үй, қараусыз жануарларды пайдалану кезінде талаптар белгіленген.

Авторлары: Наргиз Бекмағанбетова, Асхат Қарақойшиев