Президент әнші Роза Бағланованың туған күніне твит арнады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әнші Роза Бағланованың бүгінгі туған күніне твит жариялады.

«Бүгін қазақтың күміс көмей, бұлбұл әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толды. Ол КСРО халық әртісі, сондай-ақ Қазақстанның «Халық Қаһарманы» атағына да ие болды» деп жазды Қ. Тоқаев.