Жаңаөзендегі жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылады

Мемлекет басшысы Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды тезірек реттеуді тапсырды. Кеше мұнда газ бағасының көтерілуіне байланысты тұрғындар наразылық білдірген еді.  Бұл туралы Касым-Жомарт Тоқаев өзінің туиттердегі парақшасында:

«Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс» деп жазды.

Президент одан соң «Азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар, бірақ, бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керек» атап өткен.

Таяуда өңірде 1 қаңтардан бастап Маңғыстауда газ айтарлықтай қымбаттады деген ақпарат тараған. Көлік иелері осыған байланысты сұйық отынның бағасын 50- 60 теңгеге дейін төмендетуді талап еткен. Наразылық акциясы Ақтау қаласында да болды. Жергілікті атқарушы билік өкілдері жиылғандарға бағаны нарық, яғни сұраныс пен ұсынысқа қарай реттелетінін түсіндірді. Осы ретте облыс әкімінің бірінші орынбасары Абзал Меңдібаев жұрт алдына шығып, мәселені арнайы комиссия қарастыратынын жеткізді.  

Абзал Меңдібаев Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары: 

- Жаңа Президент, Правительство тапсырма берді. Дұрыстан разбираться етсін деп осы ситуацияны. Сосын мына шеруге шыққандар ондай ештеңе жасамасын деп. Тапсырмасын берді, енді арнайы специальный комиссия құрылады, жұмыс жасайды.