Маңғыстау облысында газ бағасы 85-90 теңгеге дейін төмендетіледі

Маңғыстау облысында газ құны литріне 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін төмендетіледі.

Бұл бастаманы автожанармай құятын станса иелері  бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында іске асырады. Премьер-Министрдің тапсырмасымен Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыру үшін Үкіметтік комиссия құрылды. Бағаның ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етіп, газ бағасының алыпсатарлығына жол бермеу керек. Үкімет мемлекет басшысының тапсырмасымен сұйытылған мұнай газының бағасын реттеу бойынша кешенді шараны іске асырады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі автожанармай құятын станса иелеріне бағаға қатысты сөз байласу бойынша тергеуді бастады.