Маңғыстауда үкіметтік комиссия белсенділермен келіссөз жүргізіп жатыр

Үкіметтік комиссия сұйытылған газ бағасын төмендетуді талап еткен бастамашыл топпен кездесу өткізуде.

Жиынға қатысушылар қоғамдық қауіпсіздікті сақтай отырып, жағдайды реттеу мүмкіндігін талқылап жатыр, деп хабарлайды primeminister.kz.

Мемлекет басшысы да осы жайтқа байланысты пікір білдірген.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр