434,34 494,00 5,52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ел неге толқыды. Хронология

  • 277
  • UPD: 10:26, 05.01.2022

Елдің өре түрегелуіне сұйытылған газ бағасының күрт қымбаттап кетуі себеп болғанын білеміз. Бірақ наразы топ басқа да әлеуметтік мәселені көтеріп, биліктегілерге талап қойып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаңтардың екісі басталған наразылық шарасы ертесі күні де жалғасты. Алаңға ағылған жұрттың қарасы қалың еді. Президент наразы топтың уәжі ескерусіз қалмайды деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс.

Ізін ала үкімет арнайы комиссия жасақтауға кірісті. Көгілдір отын құны 85-90 теңгеге дейін түседі деді. Ашуға булыққан жұртты облыс басшысы сабырға шақыруға тырысты.

Көп ұзамай өңірге арнайы комиссия өкілдері барды. Наразы топ өкілдерімен кездесті. Табанды елдің талабы орынды екенін айтып, газ бағасын 50 теңгеге дейін түсіретін болды. 

Сұйытылған газдың бір литрі үшін 50 теңге болып бүгін бекітілді. Облыстық қалалар мен аудандарда газ құнының мөлшерін саралау Қазмұнайгаз АҚ есебінен жүзеге асырылатын болады.

Бірақ бұған бұқараның көңілі тола қоймады. Олар қымбатшылық қос бүйірден қысып тұр деп, елдің әлеуметтік жағдайын жақсарта алмаған Үкіметтің отставкаға кетуін талап етті. Өзге өңір тұрғындары да үн қата бастады.

Жаңаөзендегі шеруде қоғамдық тәртіпті бұзғандар болмады. Содан биліктегілер алаңға шыққандардың ешбірі жауапқа тартылмайды деген. Ал Алматыда наразылық соңы қақтығысқа ұласты.

Арнайы жасақ алаңға жиналғандарды тарату үшін жарық түсіріп, шу шығаратын граната қолдануға мәжбүр болған. Бірақ ызаланған топ оларға бой бермеді. Ақыр соңында полиция мінген көлікті өртеп жіберді.

Бейберекет басталған соң Президент Алматы қаласында және Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдады.

Дастан Сейілханұлы

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Хабар 24 телеарнасы