Депутаттар Әлихан Смайыловқа сауал жолдады

Депутаттар Премьер-министрдің міндетін атқарушы Әлихан Смайыловқа елдегі жағдайға байланысты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәжілістің жалпы отырысында Бақытбек Смағұлов елімізде сұйытылған газ сатудың бірыңғай ұлттық нарығы қалыптаспағанын айтты. Есесіне сұйытылған газ тапшылығы болды. Сұйытылған газ орнына, отынның тапшылығына, баға мәселелерін белгілеуге қатысты сұрақты Мәжіліс депутаттары да көтерген еді. Энергетика министрлігі бағаның бұлайша өсуін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап сұйытылған газдың 100 проценті электронды сауда арқылы сатылатынын түсіндірді. 3 жыл ішінде заң күшіне енгеннен кейін сауда алаңында нарықтық тетіктер қалыптасып үлгермеді. Сауда-саттықты энергетика министрлігі қолмен басқару режиміне өткізді. Аукцион электронды алаңдар тетігінің беделін кетіріп, нәтижесіне қол жеткізбеді. Сөйтіп бүгінгі күнгі дағдарысты жағдайға әкелді. Сонымен қатар бөлшек сауда бағасын қалыптастыруда проблемалар бар. Үкімет бұл мәселені қарастырып, шешуі керек деді депутат.

Бақытбек Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бөлшек сауда бағасын қалыптастыруда проблемалардың бар екенін көрсетеді. Үкімет бұл мәселені қарастырып, шешуі керек. Былтыр Парламент көтерме сауда нарығындағы алып-сатарлықты жою және сауда-саттықтың ашықтығын арттыру мақсатымен кейбір заң актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізді. Заң күшіне енді, алайда Энергетика министрлігі сұйытылған газды өткізудің жаңа ережелерін әлі күнге дейін жасаған жоқ. Осы өзекті мәселелерді реттемейінше, бағаның шарықтауы сұйытылған газға ғана емес, тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің көптеген түрінен байқалады. Түптеп келгенде бұдан қарапайым тұтынушы зардап шегеді.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті